Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұрмыстық техниканы сатып алу фактісі бойынша тұтынушыдан 482 300 теңге көлемінде өтініш келіп түсті.
Тұтынушы сатып алған кір жуғыш машина қысқа уақыт ішінде істен шығып, сапа талаптарына сәйкес келмеген. Осыған байланысты ол сатушыға тауарды ауыстыру немесе ақшасын қайтару туралы талап қойған. Алайда кәсіпкер тарапынан тұтынушының талабы қанағаттандырылмаған.
Осыған байланысты тұтынушы өз құқықтарын қорғау мақсатында Департаментке жүгінді.
Өтінішті қарау барысында Департамент мамандары сатушыға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын жеткізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкер тұтынушы талабын орындап, 482 300 теңге көлеміндегі қаражат толық көлемде қайтарылды.
Аталған жағдай тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауда белсенді болуының маңыздылығын көрсетеді. Департамент тарапынан азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Д.Сенбаева
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің
Алматы облысы бойынша сауда және
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің бас маманы



