⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    «Таза Қазақстан» Табиғатты аяла!

    15.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    «Таза Қазақстан» Табиғатты аяла!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Кеген ауданы орталығындағы «Жастар» саябағында «Таза ауыл» ағаш егу шарасы өтті. Оған аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудан прокуроры Алмат Данилов,  ақсақалдар алқасының төрағасы Шыңғыс Тұрсынов,  ардагер-журналист Жақыпжан Нұрғожаев, мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

    Бұл шараның негізгі мақсаты –  табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және белсенді өмір салтын насихаттау.

    Акция аясында 3425 мың ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, шренка шыршасы, терек, қайың ағашы егілді. Бұл жергілікті флораны қалпына келтіруге, биоәртүрлілікті арттыруға, болашақта тұрақты және сау экожүйені құруға мүмкіндік ашады.

    Акцияның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев:

    – Бұл  шара  экологиялық  мәдениетіміз бен  қоршаған  ортаға  деген сүйіспеншілігімізді арттыруға негіз болады. Табиғатты сақтау – баршамыздың  ортақ  міндетіміз. Бұл акцияда біз табиғаттың жанашырлары ретінде оны аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысамыз. Табиғатты қорғау тек сөзбен емес, нақты іс­әрекетпен жүзеге асуы тиіс. Сондықтан бүгінгі акцияда табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді, қамқорлығымызды әрі жауапкершілігімізді көрсетуіміз керек, – дей келе, қазіргі таңда экологиялық мәселелер әлемдік деңгейде өзекті болып тұрғанын, осындай игі шаралардың оны шешуге аз да болса үлес қосатынын тілге тиек етті.

    Бұдан  соң  сөз  алған аудан прокуроры Алмат Данилов,  аудандық  ақсақалдар алқасының төрағасы Шыңғыс Тұрсынов бұл іс­шара табиғаттың сұлулығын сезінуде, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыруда, белсенді өмір салтын насихаттауда маңызды болып табылатынын айтып өтті.

    Акция концерттік бағдарламамен жалғасып, шара соңы орталық саябақ аумағын көгалдандыру мақсатында шырша көшеттерін отырғызумен түйінделді.

    Табиғатты ластамау, қоқыс тастамау, көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, өзен­көлдердің жағалауын таза ұстау, балаларға экологиялық тәрбие беру – осы ізгілікті істің бір парасы.

    Акция аясында Кеген ауданы аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Соңғы жаңалықтар

    Мал басы төлімен көбейеді
    15.04.2026
    Көктемнің бір күні жылға азық
    15.04.2026
    Аграрлық саланың әлеуеті зор
    15.04.2026
    Кеген ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында тал егілді
    15.04.2026
    Қолаға қол жеткізді
    15.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>