⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Маңызды міндет жүктелді

    16.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Маңызды міндет жүктелді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қалалық Мәдениет үйінде облыстық  денсаулық сақтау басқармасының биылғы жылдағы 3 айдың қорытындысы бойынша көшпелі алқа отырысы өтті. Жиналысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы –  еліміздің  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова, облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Ержан Сүлейменов, сондай-ақ  медицина ұйымдарының басшылары, аудандық әкімдіктер мен салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

    Отырыстың күн тәртібінде денсаулық сақтаужүйесінің бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысы қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды. Алқа отырысын облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев ашып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Оның айтуынша, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл ретте аймақтаденсаулық сақтау саласын дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылу қажет.

    Келесі кезекте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Ержан Сүлейменов  2026 жылдың I тоқсанындағы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін қорытындылады. Басқарма басшысының сөзінше, бүгінде өңірде медициналық көмек кең тармақталған ұйымдар желісі арқылы көрсетіледі. Облыста 24 мемлекеттік және 72 жекеменшік мекеме бар. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне 356 нысан кіреді. Оның ішінде 75 фельдшерлік-акушерлік пункт, 139 дәрігерлік амбулатория, 76 медициналық пункт және 38 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы бар. Соңғы жылдары медициналық ұйымдарда материалдық-техникалық қамту деңгейі айтарлықтай артып, көрсеткіш 93 пайызға жеткен. Өңірде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 38 нысанның құрылысы аяқталған. Бұл бастама қала мен ауыл арасындағы медициналық көмек сапасының алшақтығын азайтуға бағытталған. Биыл  Райымбек  ауданындағы  бір ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысы аяқталып,  шалғай өңірлердегі бірқатар дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтеді. Өз кезегінде Ержан Сүлейменов «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы аясында өңірдегі медициналық мекемелерге МРТ, ангиограф, жылжымалы маммограф және операциялық микроскоп сияқты заманауи құралдаржеткізілгенін атап өтті. Оның сөзінше, кадр мәселесі де біртіндеп шешімін табуда. Өңірде медицина мамандарының тапшылығы екі есеге азайған. Қазір 40-тан астам маман шетелде біліктілігін жетілдіруде.

           Жиында басқарма басшысының орынбасары Ләйла Серікбаева да сөз алып, бірқатар бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды. Онда  халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, «Жедел жәрдем» қызметі, ана мен бала денсаулығы және онкологиялық қызметке талдау жасалып, баға берілді.

          Аталған алқа отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы  Сархат   Бейсенова  Алматы облысында медициналық-санитариялық көмек саласын жаңғырту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру сынды  мәселелер бар екенін айтып, кейбір көрсеткіштерге нақты сараптама жасау керегін ескертті.

           Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев жауапты басшыларға ҚР Үкіметі айқындаған басым бағыттар бойынша, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу жұмыстарын жандандыруды, қаржыны тиімді пайдалануды және ресурстарды үнемдеуді тапсырды. Мұнан бөлек, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруды кең көлемде насихаттау жұмыстарын үйлестіру, медициналық ұйымдарда енгізілген жаңа басқару жүйесінің жұмысын ашық әрі нәтижелі жүргізу, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін үздіксіз жетілдіру және креативті, білікті жастар резервін даярлау бойынша міндеттер жүктеді. Ал облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Ержан Сүлейменов жыл соңына дейін қойылған міндеттерді толық орындау үшін жүйелі және үйлесімді жұмыс жалғасатынын жеткізді.

    Соңғы жаңалықтар

    Таза бейсенбі: Қонаев қаласының жастары Іле жағасынын 9 тоннадан астам қоқыс жинады
    16.04.2026
    Шегірткеге қарсы науқан: Алматы облысында 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады
    16.04.2026
    Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды
    16.04.2026
    Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді
    16.04.2026
    Маңызды міндет жүктелді
    16.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>