⛅
10°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұзақ батырдың шоқпары

    18.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Ұзақ батырдың шоқпары
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінде бір ғасырдан астам тарихты бойына сақтаған құнды жәдігер бар. Ол – Ұзақ батырдың шоқпары. Қарапайым ағаштан жасалған бұл қару – тұтас бір халықтың тағдыры мен қасіретін арқалаған үнсіз шежіре іспетті.

    Ұзақ Саурықұлы – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. Ол Жәмеңке Мәмбетұлымен бірге Қарқара өңірінде елдің ержүрек азаматтарын жинап, Ресей патшалығының озбыр саясатына қарсы күреске шықты. Сол тарихи орын бүгінде Ереуілтөбе деп аталып, ерлік пен бірліктің символына айналған.
    Ұзақ батырдың шоқпары – тек өткеннің белгісі ғана емес, бүгінгі тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын қасиетті жәдігер. Сол арқылы біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен рухын сезінеміз.
    Қазақ халқы қару-жарақты ерекше қастерлеген. Қару асыну әркімге бұйырмаған, оны тек ел қорғауға лайық азаматтар ғана ұстаған. Ертеде қару алдында ант беріп, оны киелі деп таныған.
    Шоқпар – қазақ жауынгерінің соғу қаруының бір түрі. Оның бірнеше үлгісі болған. Басы мен сабы темірден жасалып немесе сырты металмен қапталған түрі «күрзі», ал басы қырлы, бірнеше тілімді болып келетін жеңіл шоқпар «бұздыған» деп аталған. Сонымен қатар басы сабына қайыс не шынжыр арқылы бекітілетін «босмойын» шоқпарлар да кең қолданылған. Мұндай шоқпардың басының диаметрі шамамен 4,5-5 см болып, сабы ат үстінде шайқасуға ыңғайлы етіп жасалған.
    Жасалуы қарапайым ағаш шоқпарлар тек соғыста ғана емес, күнделікті тұрмыста да, әсіресе малшылар арасында кеңінен пайдаланылған.
    Қазіргі таңда Ұзақ батырдың шоқпары музейдің көтеріліс басшы­ларына арналған экспозиция­сында сақтаулы. Бұл жәдігер – халқы­мыздың ерлік тарихын айшық­тайтын, ұрпақ санасына отансүйгіштік рух дарытатын баға жетпес мұра.

    Аяулым Ақымжан,
    Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жетекшісі

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>