⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік

    20.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

       Қаскелеңдегі SDU University қабырғасында IDP IELTS Kazakhstan ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылған «IELTS on Computer» ресми тестілеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама өңірдегі жоғары білім мен халықаралық емтихан инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

    Іс-шараға SDU University  ректоры Әлімжан Игенбаев, IDP IELTS Kazakhstan ұйымының директоры Алла Липинская, ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Салтанатты жиында жаңа орталықтың лентасы қиылып, заманауи талаптарға сай жабдықталған IELTS компьютерлік аудиториясы таныстырылды. Қонақтар тест тапсыруға арналған техникалық мүмкіндіктермен, қауіпсіздік жүйелерімен және емтихан өткізу стандарттарымен танысты.

    Бағдарлама аясында маңызды рәсімдердің бірі – IDP IELTS Kazakhstan және SDU Extension Center (Үздіксіз білім беру орталығы) арасындағы ынтымақтастық туралы ресми келісімге қол қойылды. Бұл келісім екі тараптың халықаралық емтихан өткізу, білім сапасын арттыру және кәсіби дайындық бағдарламаларын дамыту бағытындағы ұзақ мерзімді серіктестігін бекітеді. Ынтымақтастық шеңберінде IELTS емтиханына дайындық курстарын жетілдіру, оқыту әдістемелерін жаңарту және үміткерлерге арналған қосымша оқу ресурстарын кеңейту жоспарланып отыр.

    Жаңа ашылған орталық «IELTS on Computer» форматында емтихан тапсыруға мүмкіндік береді. Үміткерлер үшін бірқатар артықшылық ұсынады: нәтижелерді дәстүрлі форматқа қарағанда жылдамырақ алу, тыңдалым, оқу және жазу бөлімдерін компьютер арқылы орындау ыңғайлылығы. Заманауи цифрлық платформа арқылы жоғары дәлдік пен тиімділік, халықаралық стандарттарға толық сәйкестік қатаң ескерілген. Бұл жаңашылдық студенттер мен талапкерлер үшін емтихан процесін қолжетімді әрі тиімді етеді.

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Қаскелеңде IELTS тест орталығының ашылуы – тек SDU University үшін ғана емес, бүкіл Алматы облысы мен оған жақын өңірлер үшін маңызды қадам. Енді үміткерлер халықаралық емтихан тапсыру үшін ірі қалаларға бармай-ақ, жергілікті жерде толыққанды тестілеуден өте алады. Бұл өз кезегінде білім беру инфрақұрылымын күшейтеді, халықаралық білімге қолжетімділікті арттырады, жастардың академиялық және кәсіби мүмкіндігін кеңейтеді.

    IDP IELTS Kazakhstan мен SDU University арасындағы серіктестік халықаралық тәжірибе мен жергілікті академиялық әлеуетті біріктіруге бағытталған. Бұл ынтымақтастық білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жаһандық стандарттарға сай кадрлар даярлауға жол ашады. Сонымен қатар қорытындылай айтқанда, жаңа тест орталығының ашылуы – SDU University-дің халықаралық білім беру кеңістігін кеңейту жолындағы маңызды жетістіктерінің бірі. Бұл жоба өңірдегі білім беру экожүйесін дамытып қана қоймай, Қазақстан жастарының әлемдік академиялық ортаға интеграциялануына нақты мүмкіндік береді.

    Қуат Қайранбаев 

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жолға төселетін материалдар алдымен зертханадан өтеді
    20.04.2026
    Жаңаарнада жаңа медициналық нысан ашылды
    20.04.2026
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    20.04.2026
    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>