Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және сауда саласындағы тәртіпті қамтамасыз ету бағытында мониторингтік жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың күнделікті тұтынатын өнімдер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу – жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауындағы маңызды мәселе.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, Жетіген ықшам ауданы аумағында орналасқан бірқатар сауда үйлері мен дүкендерде арнайы тексеру және мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға қалалық кәсіпкерлік бөлімі, мемлекеттік кірістер органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Тексеру барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің заң талаптарына сәйкестігі, бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу және делдалдық тізбектерді қысқарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, мұндай мониторингтік шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, сауда нысандарының иелері мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, баға саясатын заң аясында жүргізу, тұтынушылар құқығын сақтау және құжаттаманы дұрыс рәсімдеу бойынша нақты талаптар түсіндірілді.
Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын қорғауға бағытталған бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Баға тұрақтылығы – халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.



