Алатау қаласында жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған тағылымы мол мәдени-рухани іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2026 жылғы 21 сәуір күні Құйған ықшамауданындағы №8 орта мектеп базасында қоғам қайраткері, Чернобыль апатының ардагері, «Ұлы дала батыры» атағының иегері Мұхиддин Нұрхайын Мұхиддинұлының жүлдесіне арналған ұлттық спорт түрі – «Асық ату» турнирі өткізілді.
Іс-шара аясында спорттық жарыспен қатар мазмұнды рухани-танымдық бағдарлама да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Чернобыль қасіретін еске алу» тақырыбында тағылымды кездесу өтіп, қатысушылар тарихи оқиғалар мен ерлік жолдары туралы естеліктермен бөлісті. Сондай-ақ «Ерлікке тағзым – 40 жыл» атты естелік кеш ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама көпшілікке ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тарихи жадыны сақтау, ел ерлігін ұлықтау, ұлттық рухты нығайту және жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту. Сонымен қатар ұлттық спортты кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар рухани бірлікті арттырып, өткенге тағзым ететін маңызды қоғамдық алаңға айналды.
Іс-шараға қатысушылар жоғары деңгейдегі ұйымдастыру жұмыстарына оң баға беріп, мұндай тағылымды жобалардың тұрақты түрде өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.



