⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    AMANAT: Жамбыл ауданында тұрғындар өтініші бойынша 16 көшеге асфальт төселді

    22.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Партия
    AMANAT: Жамбыл ауданында тұрғындар өтініші бойынша 16 көшеге асфальт төселді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев ауылында тұрғындар көтерген жол мәселесі өз шешімін тапты. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында айтылған өтініштен кейін ауылдағы 16 көшеге асфальт төселіп, жалпы ұзындығы 8,5 шақырым жол жаңғыртылды.

    Ауыл тұрғындары қоғамдық қабылдауда елді мекен ішіндегі жолдардың ұзақ уақыт бойы жөнделмей келгенін жеткізген. Олардың айтуынша, жауын-шашын кезінде көшелер батпаққа айналып, көлік қозғалысы қиындаған. Бұл жағдай жаяу жүргіншілерге де, арнайы қызмет көліктерінің қатынауына да қолайсыздық туғызған.

    «Біз бұл мәселені көптен бері көтеріп келдік. Жаңбыр жауса, көшемен жүру мұң болатын. Балалар мектепке әрең қатынап, көліктер батпаққа батып қалатын кездер жиі болды. Қазір ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселіп, халықтың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалды. Өтінішімізге құлақ асып, мәселенің шешілуіне ықпал еткен азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – деді ауыл тұрғыны Сағымбек Самаев.

    Тұрғындарды «AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Виталий Гринченко қабылдап, мәселе бақылауға алынған. Кейін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде Мыңбаев ауылындағы 16 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

    Нәтижесінде ауылішілік жол қатынасы жақсарып, тұрғындардың күнделікті қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Жаңартылған жолдардың жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайды.

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
    22.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»
    22.04.2026
    Мемлекет басшысы: «Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс»
    22.04.2026
    Әлем өзгерді, бірақ құқық өзгермеуі тиіс
    22.04.2026
    Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>