☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында экологиялық мәселелер талқыланды

    24.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Партия, Экология
    Алматы облысында экологиялық мәселелер талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.

    Жиын барысында кеңес мүшелері мен жауапты сала өкілдері бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы таулы аймақтың заңсыз кесілуі туралы мәселе күн тәртібіне шығарылды. Қатысушылар табиғи аумақтың бүлінуі экологиялық тепе-теңдікке айтарлықтай қауіп төндіретінін атап өтіп, тиісті органдардың бақылауын күшейту қажеттігін айтты.

    Сонымен қатар, «Алматы–Талғар» тас жолының бойындағы көпжылдық ағаштарды заңсыз кесудің қайталанған деректері де назардан тыс қалмады. Кеңес мүшелері бұл жағдайдың жүйелі сипат алып бара жатқанын жеткізіп, жауапты мекемелерге нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

    Айта кету керек, партия тарапынан экологиялық бағытта бірқатар жүйелі жобалар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» және «Жасыл ел» бастамалары аясында қоршаған ортаны қорғау, ағаш отырғызу және табиғи аумақтарды сақтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған акциялар ұйымдастырылып келеді.

    Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті ұсыныстар уәкілетті органдарға жолданатын болды. Кеңес мүшелері өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа Конституциядағы негізгі жаңашылдықтар мен өзгерістер
    24.04.2026
    Табиғат тағдыры – жас ұрпақ қолында!
    24.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты
    24.04.2026
    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
    24.04.2026
    Алматы облысында экологиялық мәселелер талқыланды
    24.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>