⛅
22°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Болашақ чемпиондар бозкілемде

    27.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Болашақ чемпиондар бозкілемде
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ауданның Құрметті азаматы Анатолий Никифоровты еске алуға арналған III ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа 2011–2013 жылдары туған 250-ден астам жас балуан қатысты. Бозкілемге Қазақстанның әр өңірінен келген 18 команда және Қырғыз республикасының құрамасы шықты.

    Анатолий Никифоровтың есімі қазақстандық грек-рим күресінің тарихында айрықша орын алады. Бұл спорт түрінің Талғар ауданында қалыптасуы мен дамуы тікелей оның есімімен байланысты.

    «Ол спорттағы жолын жас кезінен бастап, спорт шебері атағына қол жеткізіп, халықаралық беделді жарыстарда бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Үлкен спорттан кеткеннен кейін Никифоров жаттықтырушылық қызметке бет бұрып, аудан құрамасының бапкері болды. 45 жылдық еңбек жолында 29 спорт шеберін және 100-ден астам спорт шеберлігіне кандидаттарды тәрбиелеп шығарды. Олардың қатарында әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері бар» – деді Талғар аудандық №2 БЖСМ директоры Ербол Қоңыратов.

    Атақты бапкердің шәкірттері қатарында танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлері бар. Олардың ішінде КСРО спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Талғар аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Матан Бекбосынов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ілияс Анаятов, Талғар аудандық мәслихатының депутаты Баубек Байсабаев бар.

    «Анатолий Фёдорович бүкіл әлемге танылған спортшыларды тәрбиеледі. Мен де оның шәкірттерінің бірімін. Ол тек жоғары деңгейдегі маман ғана емес, кең жүректі жан еді. Оның күреске қосқан үлесін шексіз. Біз ұстазымыздың жолын жалғастырып, лайықты ізбасар тәрбиелеуге күш салып келеміз» – деді Ілияс Анаятов.

    Турнирде жүлделер 12 салмақ дәрежесінде – 32 келіден 85 келіден жоғары салмаққа дейін сарапқа салынды. Барлық салмақта белдесулер тартысты әрі шиеленісті өтті. Жас балуандар үшін бұл жарыс спорттық разрядтар орындауға мүмкіндік болса, жаттықтырушылар үшін 13–15 жас аралығындағы облыс құрамаларын жасақтауға қажетті спортшыларды іріктеуге жол ашты. Мұндай жарыстар болашақта республикалық қана емес, халықаралық деңгейдегі жұлдыздардың қалыптасуына негіз болады.

    Бозкілемде алғашқы қадамдарын жасап жүрген жас спортшылармен қатар, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып үлгерген тәжірибелі балуандар да бақ сынады. Солардың бірі – Қарасай аудандық №1 спорт мектебінің тәрбиеленушісі Кубанов Нұрдәулет. Бұл жолы ол 57 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

    Жас чемпионның айтуынша, ол грек-рим күресімен үш жылдан бері айналысады және осы уақыт ішінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған, жалпы 13 турнирде жеңіске жеткен, оның төртеуі – республикалық, біреуі – халықаралық деңгейде. «Мен жарысқа әрқашан тыңғылықты дайындаламын, көп жаттығамын. Соның нәтижесінде жеңіске жетіп жүрмін. Болашақта танымал балуан болуды армандаймын» – деді Нұрдәулет.

    Сонымен қатар, өз салмақ және жас ерекшелік санаттарында Алматы облысының спортшылары да жеңіске жетті. Атап айтқанда, Жұман Әділбек, Марат Нұрым, Әбдіқасым Нұракім, Еркінұлы Қаршыға, Төлебай Кенженұр және Тельман Нұрлан чемпион атанды.

    Соңғы жаңалықтар

    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Шешімдерге өзгеріс енгізілді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>