⛅
18°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар

    27.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Енді бір айдан соң оқушылар сабағы аяқталып, жазғы демалысқа шығады. Осыған байланысты оқушыларға арналған сауықтыру лагерлерінің жұмысы жанданады. Балалар үшін жаз қызығы – алаңсыз демалып, сауығу десек, ата-ана үшін маңыздысы – сауықтыру лагерлерін дұрыс таңдау. Осы орайда сауықтыру лагерлері дегеніміз не, оларға қандай талаптар қойылады, және басқа да сұрақтарға қатысты жауап беруді жөн көрдік. 

    – Балалар мен оқушылар үшін жазғы сауықтыру маусымы жақындап келеді, жазғы сауықтырудың негізгі мақсаты мен міндеттері қандай?

    – Жазғы сауықтыру маусымының негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, дұрыс әдеттерді қалыптастыру, белсенді және қауіпсіз демалысты ұйымдастыру, сондай-ақ олардың психоэмоционалды және әлеуметтік дамуын қолдау.

    – Балаларды сауықтыруға қалай қол жеткізіледі, жылдық оқу жүктемесінен кейін сауықтырудың қандай әдістері мен тәсілдері тиімді екені анықталды?

    – Балаларды жылдық оқу жүктемесінен кейін сауықтыруға физикалық және психоэмоционалды жағдайды қалпына келтіруге бағытталған кешенді тәсіл арқылы қол жеткізіледі. Ең тиімді әдістерге толық ұйқымен және демалу мен белсенділіктің кезектесуімен күн тәртібін сақтау, жеткілікті су ішу режимімен ұтымды және байытылған тамақтану, күнделікті физикалық белсенділік (спорт, ашық ойындар, ашық ауада серуендеу), қатайту процедуралары (ауа және күн ванналары, су процедуралары), санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кіреді. Жеке тұлғаның гигиена дағдыларына үйрету, сондай-ақ оқу стрессінен демалу, мәдени-дамыту іс-шаралары және ұжымдағы қарым-қатынас арқылы психологиялық жеңілдету.

    3) балалардың лагерьде болу мерзімі қандай критерийлер бойынша анықталады, сауықтыру үшін 7-10 күн жеткілікті ме?

    – 7-10 күн демалу және психологиялық жеңілдену ретінде әсер етеді, бірақ толық сауығу үшін, әдетте, ұзақ уақыт қажет деп санаймын.

    – Оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың денсаулық жағдайын бағалай аласыз ба, қандай аурулар жиі кездеседі, соңғы үш-бес жылдағы динамика қандай?

    – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша осы жылы 334 950 бала профилактикалық тексеруден өтті (2024 жылы – 581 158). Профилактикалық медициналық тексерулерден 152 594 бала өтті, бұл облыстағы балалардың 50 пайызын құрайды (2024 жылы – 290 729 бала немесе 54,0%).

    – 1000 балаға шаққанда сырқаттанушылық құрылымы бойынша бірінші орында тіс кариесі – 15 033 (2024 жылы – 15 914), екінші орында – қан айналымы жүйесінің аурулары, оның ішінде анемия – 3 730 (2024 жылы – 6 145), үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары – 1 427 (2024 жылы жыл – 5 459) тұр.

    – Облыс бойынша қанша лагерь бар, олардың жалпы әлеуеті қандай? Бізде балаларды лагерьлерге қабылдау әдетте қашан басталады, қанша маусым болады, өткен жылы қанша бала демалып сауығып кетті?

    – Өткен жылы балаларға арналған 43 қала сыртындағы сауықтыру лагері болды, жалпы жобалық сыйымдылығы – 5859 орын, балаларды қабылдау 1,10,15 маусымнан бастап 6,7 маусымның 10 күніне дейін 17 382 баланы сауықтырумен жүзеге асырылды.

    – Лагерь қызметіне қатысты қандай да бір төтенше жағдайлар, жаппай улану, ауру жұқтыру болды ма? Егер болса немен байланысты болды, себептері, факторлары не, қандай шаралар қабылданды?

    – Балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметіне байланысты төтенше жағдайлар, жаппай улану және жұқпалы аурулар жағдайлары тіркелген жоқ.

    – Өткен жылы қанша лагерьге мемлекеттік бақылау жүргізілді, талапқа сай келмеу заң мен бұзу факторлары анықталды ма, олардың сипаты мен түрлері қандай, сіздің тарапыңыздан шаралар қабылданды ма?

    – Өткен жылы 43 балалар сауықтыру лагерінің 21-і ғана санэпид талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (СЭҚ) алды. Қалған 22-сі сәйкестікті растамады немесе жұмыс істемеді.

    2025 жылы лагерьлер қызметіне қатысты 7 шағым қаралды (Еңбекшіқазақ ауданы – 3, Қонаев қаласы – 2, Қарасай және Талғар аудандары – 1-ден). Шағымдар тұрғын бөлмелер мен санитариялық тораптардың жағдайы, бекітілген мәзірдің болмауы, тыйым салынған өнімдерді сату, күн тәртібінің сақталмауы, медициналық қызметтің жоқтығы және басқа да талаптардың бұзылуына қатысты болды.

    Оның қорытындысы бойынша 6 объектіде шағымдар расталды, субъектілерге қатысты сот органдарына 2 материал жіберіліп, жалпы сомасы 2 201 920 теңгеге 6 айыппұл салынды, заң бұзушылықтарды жою туралы 6 ұйғарым берілді. Бұдан басқа, 3 объектінің қызметі тоқтатылды.

    – Маусым басталса балаларды лагерьге қабылдау туралы жарнамалар саны артады, мұндай жарнама мен субъектілерге бақылау жүргізілуде ме? Рұқсаты жоқ лагерьлер балаларды қабылдаған жағдайлар болды ма?

    – Мұндай лагерьлерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге, бұқаралық ақпарат құралдарына сырттай мониторинг жүргізілді, оның барысында санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз қызмет көрсеткен 11 лагерь анықталды.

    Анықталған фактілер бойынша материалдар прокуратураға, әкімдіктерге, полицияға, білім бөлімдеріне жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша аудандық прокуратуралар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза шараларын қолданды.

    – Маусымдық лагерьді ашу үшін СЭС тарапынан рұқсат алу тәртібі бар ма?

    – Балаларды сауықтырумен айналысатын барлық ұйымдар санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті: маусымдық объектілер жазғы маусым басталғанға дейін; жыл бойы жұмыс істейтін мекемелер – қызметін бастағанға дейін бір рет алады.

    Рұқсат алу толығымен автоматтандырылған және ол еГОВ арқылы жүзеге асырылады. СЭҚ алу үшін:

    – ЭЦҚ арқылы электронды өтініш;
    – нысанның кадастрлық немесе техникалық паспорты;
    – аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеу нәтижелері қажет.

    Жүргізілген барлық зерттеулер хаттамалар түрінде ресімделеді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға арналған өтінішке қоса беріледі. Құжаттар 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

    – Лагерьлерді тексеріп тұрасыздар ма?

    Бақылау рұқсат беру құжатын алу кезеңінде жүзеге асырылады, сондай-ақ нысанға бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау (сыртқы мониторинг, оның ішінде жарнамаға мониторинг) қолданылады. Сондай-ақ “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заңда көзделген бақылау нысандарымен жүзеге асырылады. Ол балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды бақылаудың жаңа тәртібін реттейді және балаларды тамақтандыруға, өмір сүруіне, медициналық көмекке, білім алуға, тәрбиелеуге және сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерді (объектілерді) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін белгілейді.

    – Лагерьлердің қызмет көрсетуге дайындық критерийлері қандай, ата-аналар лагерьді таңдағанда қандай талаптарға ерекше назар аудару керек?

    – Сауықтыру лагерлері дайындығының негізгі көрсеткіші – СЭҚ болуы, сондай-ақ объектінің санитариялық талаптарға нақты сәйкестігі. Лагерьде жатын бөлмелер, санитарлық тораптар, асханалар және бар болған жағдайда бассейндер – бәрі таза және жарамды болуы тиіс. Санитариялық нормаларды сақтай отырып, бекітілген мәзір бойынша тамақтануды ұйымдастыру, медициналық кабинеттің болуы, дайын өнімнің тәуліктік сынамаларын бақылау, сондай-ақ күн тәртібін сақтау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетті.

    Кәсіпкер маусым басталғанға дейін дайындық іс-шараларын жүргізуі керек. Балалардың қауіпсіздігі мен өмір сүру жағдайларына әсер ететін барлық ақаулар жойылып, ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы (қажет болған жағдайда күрделі) жөндеу жүргізілуі тиіс. Лагерьдің барлық үй-жайлары, жабдықтары мен аумақтары тазаланып, дезинфекциялауы тиіс. Сондай-ақ лагерь аумағында және оған іргелес аймақтарда кене болған жағдайда оған қарсы (акарицидтік) өңдеу жүргізілуі керек, бұл кене шағуының және жұқпалы аурулар таралуының алдын алуға бағытталған.

    Сонымен қатар, лагерь аумағында балалар қауіпсіздігі мен денсаулығына зақым келтіретін нысандар болмауы керек.

    – Қорытындылай келе, ата-аналар мен балаларға қауіпсіз демалу бойынша қандай ұсыныстар бере аласыз?

    – Ата-аналар лагерьде СЭҚ бар-жоғын Департаменттің ресми сайтында көре алады, онда тізім жасалып жаңартылып отырады.

    Ата-аналар лагерьдің СЭҚ құжатының бар-жоғын және ресми тізімге енгізілгенін алдын ала тексеруі қажет. Сонымен қатар тұру жағдайына, тамақтануға, қауіпсіздікке, медициналық қызметке және келісімшарт талаптарына назар аудару маңызды.

    Баланы лагерьге жіберер алдында оның денсаулық жағдайын тексеріп, қажетті медициналық құжаттарды дайындап, жеке ерекшеліктері (аллергия, созылмалы аурулар және т.б.) туралы лагерь қызметкерлерін хабардар ету қажет.

    Исмаилов Марат Әділжанұлы

    Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

    Соңғы жаңалықтар

    Кәсіпкерлік: қолдау мен қорғау
    27.04.2026
    Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    Балалардың жазғы демалысы: лагерь таңдаудағы маңызды қағидалар
    27.04.2026
    Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
    27.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>