⛅
21°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қарғалыдағы мереке

    01.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қарғалыдағы мереке
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Халқының бірлігі күні Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында да өзіне тән сән-салтанатпен аталып өтті. Бүгінде 41 мың тұрғыны бар Қарғалы – өңірдегі көне елдімекеннің бірі. Оның тарихы тым тереңде жатыр.

    Ауылдың орталық алаңында өткен мерекелік шараға адам көп жиналды. Қарғалы ауылдық округінің әкімі Қуаныш Нәметов көпшілікті мерекемен құттықтап, мемлекеттің қарыштап дамуы үшін ынтымақ пен бірліктің, түсіністік пен татулықтың маңызына тоқталды. Сондай-ақ қарғалылықтарға ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шәріпбек Уағызұлы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Исмаилжан Иминов ізгі тілектерін арнады. Олар өздерінің құттықтау сөздерінде Қарғалы ауылының тұрғындары бұрыннан қонақжай екенін, мұнда сан ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп келетінін атап өтті. Қазақ, орыс, ұйғыр, түрік және басқа да ұлт өкілдері аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Арасында облыс, республика көлемінде еңбегімен танылған жерлестері барын мақтан тұтады. Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев, композитор Әсет Бейсеуов, ғарышкер Талғат Мұсабаев, ұлағатты ұстаз Құдыс Әбсәметов сияқты тұлғалардың кіндік қаны тамған киелі мекен бүгінде іргесі кеңейіп, халқының саны еселеп артып отырған ауылдың бірі.

    Шараға жиналғандар Қарғалы №3 орта мектебінің өнерлі мұғалімдері мен оқушыларынан құралған өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалады.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымағы жарасқан
    01.05.2026
    Талғардағы тамаша мереке
    01.05.2026
    Демалыс аймағында экологиялық акция өтті
    01.05.2026
    Бірлік пен спорт үндестігі: Іле ауданында 1 мамырда футбол маусымы ашылды
    01.05.2026
    Қарғалыдағы мереке
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>