☀️
20°C
Қонаев
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Майдангерлер рухына тағзым

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Тарих
    Майдангерлер рухына тағзым
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Жеңіс күніне орай Талғар қаласындағы «Жеңіс» саябағында салтанатты шара өтті. Мерекелік шара барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір жолында жанқиярлық ерлік көрсеткен майдангерлер рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Қан майданнан қайтпаған қаһармандарды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды.

    Мерекеге арналған салтанатты жиында жиналған жұртты аудан әкімі Таңат Айдарбеков Жеңіс күнімен құттықтады.

    – Бұл – ерлік пен елдіктің, қайсарлық пен қаһармандықтың мерекесі. Ұлы Отан соғысында елімізді қорғап, бейбіт өмір үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың ерлігі мәңгілік тағзымға лайық, – деді Таңат Айдарбеков.

    Шара барысында «Әжелер шуағы» ансамблі, халықтық ардагерлер хоры және Мәдениет үйінің өнерпаздары соғыс жылдарындағы рухты әндерді шырқады. Сондай-ақ ауданның орталық көшелерінде бірнеше сағатқа көлік қозғалысы тоқтатылып, дәстүрге айналған велошеру өтті.

    «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» дейді дана халқымыз. Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосып, біздің бүгін азат та бейбіт ел болуымыздың негізін қалаған батыр аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәңгі мұра, өшпес үлгі!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Денсаулық сақшысы
    13.05.2026
    Алматы облысында кенеге қарсы 15 мың мл иммуноглобулин сатып алынған
    13.05.2026
    Шекара деп соқсын жүрегі…
    13.05.2026
    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>