☀️
20°C
Қонаев
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке, Тарих
    ЖЕҢІС ЖАЛАУЫ ЖЕЛБІРЕГЕН КҮН
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Осыдан 81 жыл бұрын жеңіс жалауы желбіреген еді. Елімізді қанға бөктірген, аналардың көз жасын төктірген, баланы жтім, ананы жесір еткізген Ұлы Отан соғысының соңғы оты осы күні сөніп еді. Содан бері 81 жыл. 81 жыл бойы сол сұм соғыста жандарын берген боздақтардың рухына тағзым, аман-есен елге келген солдаттарға құрмет көрсетіліп келеді бұл күні. 

    9 мамыр күні Ұйғыр ауданының тұрғындары да жеңіс күнін ерекше салтанатпен атап өтті. Ең әуелі аудан орталығы Шонжы ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. От пен оқтың ортасында опат болған сарбаздардың рухына тағзым жасалды. Олар сыйлаған бейіт күн үшін бүгінгі ұрпақтары өз алғыстарын осылай көрсетті.

    Бұдан соң Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Жеңіс жалауы желбіреген күн…» атты еске алу шарасы өтті. Аудан әкімі Бота Елеусізова сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталып, бұл күн ұрпақ жадында мәңгі қалуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қтар бұл күнді тек мереке емес, майдангерлердің ерлігі мен қайсарлығы жайында тағылымды олар айтылып, олардың ерлік рухы алдында тағзым жасалуы тиіс күн екенін де ескертті. Жанын беріп, майдан даласында өмірін болашағы үшін құрбан еткен майдангерлердің қай-қайсысының болмасын ерлігі жадымыздан кетпеуі керек дегенді де айта кетті.

    9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ауданымыздағы жалғыз соғыс куәгері Алим ата Кебировқа құрмет көрсетіп, үйіне келушілер саны көп болды. Аудандағы мекемелер мен білім бөлімі тарапынан атамызға арнайы сый-сияпаттарын табыстап, ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен жауынгерге алғыстарын айтты.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Соңғы жаңалықтар

    Денсаулық сақшысы
    13.05.2026
    Алматы облысында кенеге қарсы 15 мың мл иммуноглобулин сатып алынған
    13.05.2026
    Шекара деп соқсын жүрегі…
    13.05.2026
    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>