⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІ ЖАҢА ТЫНЫС АЛДЫ

    20.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІ ЖАҢА ТЫНЫС АЛДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле аудандық орталық ауруханасының материалдық-техникалық базасы тағы бір маңызды медициналық құрал-жабдықпен толықты. Аудандық аурухананың жансақтау бөліміне демеушілік көмек аясында жалпы құны 68 223 162 теңгені құрайтын заманауи VG70 үлгісіндегі төрт өкпені жасанды желдету аппараты табысталды.

    Бұл игі бастама Іле ауданы әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің ұсынысымен жүзеге асып, жеке инвесторларды тарту нәтижесінде                 «L-group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан өтеусіз негізде ұсынылды.

    Салтанатты рәсім барысында аудан әкімі арнайы келіп, жаңа медициналық құрылғыларды аурухана ұжымына табыстап, демеушілерге өз алғысын білдірді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбектерін атап өтті.

    Жаңа өкпені жасанды желдету аппараттары ауыр хәлдегі науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе жансақтау бөлімінде жатқандар үшін мұндай құрылғылар ауадай қажет. Аппараттар өкпенің тыныс алу қызметін уақытша алмастырып, науқастың өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады. «L-group» компаниясының өкілі Ерболат Хамитовтың айтуынша, компания 2006 жылдан бері медициналық құрал-жабдықтарды жеткізумен айналысады.

    – Бұл аппараттардың негізгі қызметі – өкпені жасанды желдету арқылы науқастың тыныс алуын қамтамасыз ету. Ауыр хәлдегі, комада жатқан адамдарға, сондай-ақ күрделі отадан кейін анестезия әсерінен шыққан пациенттерге бұл құрылғылар аса қажет. Аудандық ауруханаға төрт аппарат табыстап отырмыз. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес еліміздің денсаулық сақтау саласына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Біздің компания әлемдегі медициналық техника өндіретін көптеген зауыттың ресми дилері болып табылады, – деді ол.

    Ал аудандық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Рустам Ерікұлы жаңа құрылғылардың бөлім жұмысына аса қажет екенін жеткізді.

    – Әкімдіктің қолдауы, демеушілер көмегімен ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттары беріліп жатқаны үшін алғысымыз шексіз. Жансақтау бөлімінде адам өмірі  үшін күресте әрбір секунд маңызды. Осындай сәттерде бұл аппараттардың көмегі зор. Бүгінде бөлімшеде 12 орынды төсек-орын бар. Соңғы жылдары ауыр жағдайдағы науқастар саны артып келеді. Сондықтан мұндай құрылғылар бізге өте қажет. Кей науқастар аппаратқа бір тәулік қана қосылса, енді бірі 30-60 күнге дейін жатуы мүмкін. Аппараттар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді, – деді бөлім меңгерушісі.

    Мамандардың айтуынша, аудандық ауруханада бұған дейін 14 өкпені жасанды желдету аппараты болғанымен, олардың кейбірі техникалық жөндеуді қажет етеді. Ал жаңадан әкелінген құрылғылар заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Олар арнайы тексерістен өткен әрі үш жылдық кепілдікпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер жаңа медициналық жабдықтар жансақтау бөлімінің мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, шұғыл әрі сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететінін тілге тиек етті. Айтулы көмек өз кезегінде аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

    Құралбек Сәбитов

    Іле ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    «Түнгі қаладағы балалар»: Алматы облысында үш күндік рейд қорытындыланды
    20.05.2026
    Алматы облысының спортшылары республикалық Кубокта жоғары нәтиже көрсетті
    20.05.2026
    Жастар стартапы — жаңа серпін
    20.05.2026
    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    20.05.2026
    Жаңа дәуірге – жарқын қадам
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>