Перейти к содержимому
Главная страница » «Шалқар» шежіресі сыр шертті

«Шалқар» шежіресі сыр шертті

«Шалқар» радиосының аға редакторы, журналист, БАҚ саласындағы Президент сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі, ақын Бақыт Жағыпарұлы «Алатау арайы газетінің «Сарасөз» медиаклубының төрінде қонақта болып, ұлт үнжариясының 60 жылдан асқан тарихының алтын шежіресінен сыр шертті.
Аға редактор тұтас ұлттың тіршілік тінін, қайталанбас мәдени болмысын ұлағаттап келе жатқан ақпарат құралының қазақ мәдениетін сыр-жұмбаққа толы сұлу тұрпатында жеткізіп, ән-әуезге малынған алуан үндестікті сұңғыла сөзбен суреттеп келе жатқаны жайлы кеңінен ой толғады.
«Радионың өзге БАҚ-тан өзгешелігі оқиға орнынан жылдам ақпар жеткізуінде. Өзіңіз айтқандай радионың көзге көрінбейтін сантүрлі машақаты жетерлік. Тақырыпты, кейіпкерді өзің табасың. Сұхбатты өзің аласың. Оны өзің монтаждайсың. Сценариін өзің жазасың, тіпті тақырыпқа орай әнін, музыкасын да өзің таңдайсың. Бұрынғы уақытта арнайы оператор, дыбыс режиссері, редактор, диктор болса, қазір соның бәрін бір адам атқарады. Бұл – алдын ала таспамен жасалатын хабардың құпиялары. Ал тікелей эфирдің де жауапкершілігі орасан» – дейді Бақыт Жағыпарұлы.
Кездесу соңында «Өлке тынысы» ЖШС директоры Ерлан Жұрынбаев келелі кездесуде өрелі ой айтқан Бақыт Жағыпарұлына алғыс білдіріп, қызметіне табыс тіледі.