Жамбыл аудандық Қоғамдық келісім және даму орталығының ұйымдастыруымен Қарақастек ауылдық округінде «ЕЛТАНУ» жобасы аясында «Заң және тәртіп: құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің Жамбыл аудандық бөлім басшысы Айман Кенженбаева ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тәңірберген Қасымберкебаев, Жамбыл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Айсұлтан Тұратай және Қарақастек ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Момынбек Құрымбайұлы қатысты.
Шара барысында спикерлер құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

