Бүгінгі қоғамда ұлт саулығы мен жас ұрпақтың болашағына қатысты бастамалар – ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден арылу жолында нақты қадамдарға бару – уақыт талабы. Осы мақсатта Қарасай ауданында қолға алынған «Ішімдіксіз ауыл» жобасы халық арасында қолдау тауып, кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.
Қарасай аудандық полиция басқармасы «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей ауылдық округіне қарасты Құмарал ауылы алкогольсіз ауыл ретінде танылды.
Іс-шараға Әйтей ауылдық округі аппаратының бас маманы, ауыл ақсақалдары мен қарттар кеңесінің төрағалары қатысып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар салауатты өмір салтын насихаттаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және жастарды зиянды әдеттерден аулақ ұстаудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар арасында алкоголь өнімдерін тұтынудың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту. Аталған бастамаға Әйтей ауылдық округінің тұрғындары белсенді қатысып, ауылда үлгілі әлеуметтік ортаны қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Бұл игі шара ауыл тұрғындарының бірлігі мен жауапкершілігін көрсетіп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Қарасай аудандық полиция басқармасы алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
