Перейти к содержимому
Главная страница » Интернет-алаяқтық – қазіргі заманның өзекті мәселесі

Интернет-алаяқтық – қазіргі заманның өзекті мәселесі

Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының да көбеюіне себеп болып отыр. Бүгінде алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректерін немесе қаржысын иемдену үшін түрлі әдістерді қолдануда.

Ең көп таралған интернет-алаяқтық түрлерінің қатарына жалған интернет-дүкендер, банктің немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы күмәнді сілтемелер жіберу, сондай-ақ оңай табыс табуды ұсынатын жалған инвестициялық жобалар жатады.

Алаяқтар көбіне азаматтарды асықтырып, қорқыту немесе сеніміне кіру арқылы банк картасының нөмірін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпараттарды алуға тырысады. Мұндай жағдайда сақтық танытып, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажет.

Интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау үшін азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:

  • Жеке және банк деректерін ешкімге хабарламау;
  • Күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • Белгісіз тұлғалар жіберген файлдарды ашпау;
  • Интернет арқылы төлем жасамас бұрын сайттың сенімділігіне көз жеткізу;
  • Бір реттік SMS-кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болуға және интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Егер сіз алаяқтық әрекеттеріне тап болсаңыз немесе күмәнді жағдайларды байқасаңыз, дереу тиісті органдарға хабарласыңыз.

Интернеттегі қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі. Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды алаяқтардың арбауына түсуден қорғай аласыз.