Осы жазда Алматы облысы еліміздегі ірі мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары өтетін басты алаңдардың біріне айналады. Үш ай бойы өңірде халықаралық фестивальдер, спорттық турнирлер, этномәдени мерекелер, танымал өнерпаздардың концерттері мен ауқымды open-air жобалар ұйымдастырылады.
Іс-шаралардың басым бөлігі Қапшағай су қоймасының жағалауы, таулы аймақтар және өңірдің өзге де көрікті жерлерінде өтеді. Бұл қонақтарға қызықты шараларға қатысумен қатар, өңірдің табиғаты мен мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.
МАУСЫМ
19 маусым – ASPAN FEST
19 маусым күні Қонаев қаласында ASPAN FEST ауқымды ашық аспан астындағы музыкалық фестивалі өтеді. Шараға Қазақстанның танымал өнерпаздары қатысады.
Көрермендер үшін «МузАРТ» тобы, Ғазизхан Шекербек, Ернар Айдар, Мадина Сәдуақасова, Тұрар Ыдырыс, Мақсат Рахмет, Amre, Ренат Гайсин, BAYANSULU және Айқын Төлепберген өнер көрсетеді.
📍 Қонаев қаласы, Орталық алаң
🕖 Басталуы: 19:00
🎟️ Кіру тегін
⸻
20 маусым – SPEKTO Open Air
20 маусым күні Oi-Qaragai Panorama аумағында SPEKTO Open Air электронды музыка фестивалі өтеді. Қонақтарды әртүрлі елдерден келген музыканттардың өнер көрсетуі, жарық инсталляциялары, лазерлік шоу және house, techno, progressive, downtempo жанрларындағы музыкалық бағдарламалар күтеді.
Фестивальдің басты қонағы ретінде өңірде алғаш рет эксклюзивті лайв-сетпен өнер көрсететін италиялық музыкант Dusty Kid қатысады. Сонымен қатар 19:26 музыкалық жобасы, берлиндік диджей әрі музыкалық продюсер GUZY, SARAABB және Indie Dance, Melodic House & Techno, Afro House бағыттарындағы өнерімен танымал ALAR диджейінің сеттері ұсынылады.
📍 Oi-Qaragai Panorama
🕓 Басталуы: 16:00
🎟️ Билеттер фестивальдің ресми ресурстарында сатылады
⸻
27 маусым – «Қымызмұрындық-2026» және Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығы
27 маусым күні Кеген ауданында Алматы облысындағы ең ірі этномәдени мерекелердің бірі – «Қымызмұрындық-2026» өтеді. Іс-шара Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналады.
Бағдарлама аясында «Бие байлау» дәстүрлі рәсімі, Қарқара жәрмеңкесі, қолөнершілер мен суретшілер көрмесі, шеберлік сабақтары, қымыздан дәм тату және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ қонақтар «Қыз қуу», «Теңге ілу», аламан бәйге, топ бәйге және құнан бәйге секілді ұлттық ат спорты жарыстарын тамашалай алады.
Мереке соңында «МузАРТ», «Меломен», «Алашұлы» топтары мен әнші Диана Исмаилдың қатысуымен гала-концерт өтеді.
📍 Қарқара жайлауы, Кеген ауданы
🕙 Басталуы: 10:00
🎟️ Кіру тегін
⸻
27 маусым – SATISFACTION Festival
27 маусым күні Алматы облысындағы «Тортуга» демалыс аймағында Орталық Азиядағы ең ірі ашық аспан астындағы музыкалық фестивальдердің бірі – SATISFACTION Festival өтеді.
Бір сахнада әлемдік электронды және поп-музыка жұлдыздары Fedde Le Grand, Matisse & Sadko, Sam Martin, Burak Yeter, Dannic, Aura Dione және Akcent өнер көрсетеді.
Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, жағажай демалысы, демалыс алаңдары және ауқымды шоу күтеді.
ШІЛДЕ
4 шілде – Oceanman Kazakhstan 2026
4 шілде күні Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында ашық суда жүзуден өтетін ең ірі халықаралық жарыстардың бірі – Oceanman Kazakhstan 2026 ұйымдастырылады.
Жарыс дәстүрлі түрде әлемнің түрлі елдерінен кәсіби спортшылар мен әуесқой жүзушілерді жинап, жағалауды үлкен спорт мерекесінің алаңына айналдырады.
📍 Қапшағай су қоймасының жағалауы, Қонаев қаласы
🎟️ Көрермендер үшін кіру тегін
🎟️ Қатысушылар үшін тіркелу OCEANMAN және RockTheSport ресми сайттарында жүргізіледі
⸻
4–5 шілде – OYU FEST
4–5 шілде күндері «Бірінші май тоғандары» демалыс аймағында заманауи қазақстандық музыка мен мәдениеттің ең ірі фестивальдерінің бірі – мерейтойлық OYU Fest 2026 өтеді.
Екі күн бойы қонақтарды танымал өнерпаздардың жанды дауыстағы концерттері, арт-кеңістіктер, фудкорттар, көше жәрмеңкелері, шеберлік сабақтары және түрлі интерактивті алаңдар күтеді.
Фестивальдің алғашқы күні (4 шілде) көрермендер алдында Berkut & Aisha, Sadraddin, Alpha, Kunzharyq, AYAU, M’Dee, Rusha, Yenlik, ARO және Almas өнер көрсетеді.
Екінші күннің (5 шілде) басты жұлдызы – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. Сонымен қатар сахнаға Dequine, Rin’Go тобы, Orynkhan, Ken Dala, Zere, Dudeontheguitar, Samrattama және abdr шығады.
📍 «Бірінші май тоғандары», Іле ауданы
🎟️ Билеттер фестивальдің ресми ресурстары мен Ticketon платформасында сатылады
⸻
10 шілде – Райымбек ауданының 90 жылдығы
10 шілде күні Нарынқол ауылында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.
Күннің басты оқиғасы ретінде Еркеш Хасен, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрсұлтан Нұрбердиев және BAYANSULU қатысатын үлкен концерт ұйымдастырылады.
Мерейтойлық шаралар аудан тұрғындары мен қонақтарын біріктіріп, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналмақ.
📍 Нарынқол ауылы, Орталық алаң
🕔 Басталуы: 17:00
🎟️ Кіру тегін
⸻
10–12 шілде – Nomad Spirit Fest 2026
Көшпелі мәдениетке, этникалық музыка мен белсенді демалысқа арналған Nomad Spirit Fest 2026 фестивалі өтеді.
Қонақтарды этноауыл, қолөнер жәрмеңкелері, ұлттық тағамдар алаңдары және мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.
📍 Көшпенділер қаласы, Қонаев қаласы
🎟️ Билеттер: 10 000 теңгеден бастап
⸻
11 шілде – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі
11 шілде күні көркем Шалкөде жайлауында Райымбек ауданының 90 жылдығын мерекелеудің басты оқиғасы саналатын «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі өтеді.
Бағдарламада бәйге, аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлері, түйе палуандар сайысы, суретшілер мен халық шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Фестиваль Диана Исмайыл, Ғазизхан Шекербек, Nurbullin және Мөлдір Әуелбекованың қатысуымен өтетін концертпен қорытындыланады.
📍 Шалкөде жайлауы, Райымбек ауданы
🕙 Басталуы: 10:00
🎟️ Кіру тегін
⸻
16–18 шілде – Central Asia Drift Show
16–18 шілде аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында халықаралық Central Asia Drift Show сериясының үшінші кезеңі өтеді.
Жарысқа Қазақстан мен Орталық Азияның үздік пилоттары қатысып, жеке және жұптық жарыстарда көлік басқарудағы шеберліктерін көрсетеді.
Қонақтар үшін автокөлік көрмесі, дрифт-такси, автограф-сессиялар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
📍 ASP Arena, Қонаев қаласы
🕛 Басталуы: 12:00
🎟️ Билеттер: 10 000 теңгеден бастап
⸻
24–26 шілде – Drive Forum Great Orda 2026
24–26 шілде күндері Қонаев қаласында Drive Forum Great Orda 2026 ірі автомобиль форумы өтеді.
Іс-шара автокөлік әуесқойларын, саяхатшыларды және туризм саласының өкілдерін біріктіреді. Бағдарламада автокөлік көрмесі, туристік бағыттардың таныстырылымы, саяхатшылар мен сарапшылармен кездесулер және түрлі ойын-сауық шаралары қарастырылған.
📍 Арна шағынауданы, Қонаев қаласы
🎟️ Ересектер билеті – 27 000 теңгеден бастап
🎟️ Балалар билеті – 8 000 теңгеден бастап
ТАМЫЗ
15 тамыз – SUAQ аудиоэкспедициясы
15 тамыз күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында SUAQ аудиоэкспедициясы өтеді. Бұл жоба музыка, заманауи өнер және табиғи ландшафттарды біріктіретін ерекше мәдени бастама.
Қатысушыларды дыбыс, атмосфера және көркем бейнелер арқылы Шарын шатқалының табиғатын жаңа қырынан танытатын иммерсивті тәжірибе күтеді. Жоба аудиоспектакль, экскурсия және өнер элементтерін үйлестіріп, ерекше әсер қалдырады.
📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
🎟️ Билеттер: 10 000 теңгеден бастап
⸻
16 тамыз – «Байсерке аспаны– 2026» авиа-шоуы
16 тамыз күні Талғар ауданындағы Байсерке аэродромында « Байсерке аспаны – 2026» ірі авиациялық шоуы өтеді.
Бағдарламада әуе техникаларының демонстрациялық ұшулары, жоғары пилотаж фигуралары, парашютпен секірулер және купольдік акробатика көрсетіледі. Сондай-ақ ұшақтар мен тікұшақтардың статикалық көрмесі және ашық аспан астындағы авиация мұражайы ұйымдастырылады.
Қонақтар үшін концерттік бағдарлама, балалар аймақтары, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, фотозоналар және фудкорттар қарастырылған.
📍 Байсерке аэродромы, Талғар ауданы
🕙 Басталуы: 10:00
🎟️ Билеттер: 8 000 теңгеден бастап
⸻
21–23 тамыз – Park Live Kazakhstan 2026
21–23 тамыз күндері «Бірінші май тоғандары» аумағында Park Live Almaty 2026 халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.
Үш күн бойы сахнада АҚШ, Ұлыбритания және Үндістаннан келген рок, альтернативті музыка, панк-рок, хип-хоп, металл және электронды бағыттағы орындаушылар өнер көрсетеді.
Фестивальдің басты жұлдыздары – американдық рок-музыкант Jack White, британдық виртуалды жоба Gorillaz және АҚШ-тан келген аты аңызға айналған The Offspring тобы. Сонымен қатар The Kills, CeeLo Green, De La Soul, Bloodywood және Glassjaw өнер көрсетеді.
📍 «Бірінші май тоғандары», Іле ауданы
🎟️ Билеттер: фестивальдің ресми сайтында және Ticketon платформасында
⸻
28–30 тамыз – Family Rock Festival 2026
28–30 тамыз күндері Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Family Rock Festival 2026 өтеді.
Үш күндік фестиваль барысында танымал рок-орындаушылар мен топтар өнер көрсетеді. Олардың қатарында «Комната Культуры» мен Женя Трофимов, КняZz, Нейромонах Феофан, «Танцы Минус», «Мураками» және The Hatters бар.
Қонақтарды концерттік бағдарламамен қатар демалыс аймақтары, гастрономиялық алаңдар және ашық аспан астындағы фестиваль атмосферасы күтеді.
📍 ASP Arena, Қонаев қаласы
🎟️ Билеттер: үш күнге 56 000 теңгеден бастап
