Перейти к содержимому
Главная страница » Түнгі рейд жүргізілді

Түнгі рейд жүргізілді

Түрген ауылдық округінде түнгі рейд жүргізілді. Рейдке ауылдық округ әкімі Ж.Искелдиева, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы, учаскелік полиция қызметкерлері, сондай-ақ округте орналасқан Д.Қонаев, А.Жексембеков және Ломоносов атындағы орта мектептердің мұғалімдері қатысты.

Кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз, жалғыз жүруіне болмайды. Бұл қоғамдық тәртіптің бұзылуына, әрі жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың орын алуына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты рейд барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен ойын-сауық нысандары тексеріліп, түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталды.

Рейд кезінде ата-аналар мен заңды өкілдерге қолданыстағы заңнама талаптары ескертіліп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен полиция қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызына тоқталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай рейдтік іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сондықтан мұндай жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ