Перейти к содержимому
Главная страница » Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Цифрлық технологиялардың дамуы азаматтардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының да көбеюіне себеп болуда. Бүгінде алаяқтар түрлі әдістерді пайдаланып, азаматтардың жеке деректерін, банк карталарының мәліметтерін және ақшалай қаражаттарын заңсыз иемденуге тырысуда.

Интернет алаяқтары көбінесе өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырады. Олар телефон арқылы хабарласып немесе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратып, азаматтарды алдап соғуға әрекет етеді.

Сондай-ақ, алаяқтар жалған интернет-дүкендер құрып, арзан бағамен тауар ұсынып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін тауар жеткізілмей, сатушы байланысқа шықпай қалады. Бұдан бөлек, фишингтік сайттар арқылы азаматтардың банк карталары мен жеке кабинеттеріне қол жеткізу жағдайлары да жиілеп отыр.

Өзіңізді интернет алаяқтардан қорғау үшін келесі қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

  • Банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS арқылы келген құпия кодтарды ешкімге айтпаңыз;
  • Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз;
  • Интернет арқылы сатып алу кезінде тексерілген сайттарды пайдаланыңыз;
  • Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған адамдарға сенбеңіз және ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы нақтылаңыз;
  • Жеке деректеріңізді бөтен адамдарға бермеңіз.

Алатау қаласының тұрғындарын қырағы болуға және күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарына дереу хабарласуға шақырамыз. Интернеттегі қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі.

Есіңізде болсын, алаяқтардың басты қаруы – сіздің сеніміңіз. Сондықтан кез келген ақпаратты мұқият тексеріп, сақтық шараларын ұстаныңыз.

Қауіпсіз интернет – қауіпсіз қоғамның кепілі!