Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіз жол – ұзақ өмір кепілі

Қауіпсіз жол – ұзақ өмір кепілі

Жол қауіпсіздігі – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Жол қозғалысы ережелерін сақтау арқылы ғана жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қайғылы жағдайларды азайтуға болады. Әсіресе жүргізушілердің жылдамдықты асырмауы, қауіпсіздік белдігін тағуы және жаяу жүргіншілердің жол ережелерін қатаң ұстануы маңызды.
Алматы облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өңірде «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші» секілді профилактикалық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып, қауіпті жол учаскелерінде бақылау күшейтілген. Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарда патрульдік қызмет пен заманауи бақылау технологиялары қолданылуда.
Жолдағы тәртіп – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, өз қауіпсіздігіне және өзгенің өміріне бейжай қарамауы тиіс.


Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ