Перейти к содержимому
Главная страница » Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — маңызды міндет

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — маңызды міндет

Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітіліп берілген әкімшілік учаскелерде аудан көлемінде өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық тәртібін нығайту мақсатында түнгі рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда, ойын-сауық мекемелерінде, саябақтар мен халық көп шоғырланатын орындарда бақылау жұмыстарын күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар өтуде. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүру деректері анықталып, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізуде.
Рейд барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, алкогольдік ішімдіктерді қоғамдық орындарда тұтыну, тыныштықты бұзу, ұсақ бұзақылық және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ