Перейти к содержимому
Главная страница » «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алатау қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алатау қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алатау қаласында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілікке қала әкімдігі қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің ұжымдары, коммуналдық қызмет мамандары, сондай-ақ қала тұрғындары белсенді қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілік барысында қала аумағындағы көшелер, саябақтар, скверлер, арық жүйелері мен қоғамдық орындар тазартылып, нәтижесінде 4,5 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, аумақтарды ретке келтіру және көркейту жұмыстары жүргізілді.

Қала тұрғындарының ортақ іске белсенді атсалысуы қоршаған ортаны қорғауға және қаланың тазалығын сақтауға деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.

Алатау қаласының әкімдігі барлық қатысушыларға сенбілікке белсенді қатысып, туған қаланың көркеюіне үлес қосқандары үшін алғыс білдіреді.