Перейти к содержимому
Главная страница » Заң үстемдігі – өркениетті қоғамның басты қағидасы

Заң үстемдігі – өркениетті қоғамның басты қағидасы

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі заңның үстемдігіне тікелей байланысты. Осы орайда Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Алатау қаласында аталған қағидатты іске асыру мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қала тұрғындары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру кездесулері, профилактикалық акциялар және ақпараттық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Әсіресе жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, интернет қауіпсіздігі, нашақорлық пен зиянды әдеттердің зардаптары туралы түсіндіру жұмыстарына басымдық берілуде. Білім беру мекемелерінде құқықтық тәрбиеге бағытталған кездесулер өткізіліп, өскелең ұрпақтың заңға құрметпен қарауына ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Заңға бағыну – әр азаматтың жауапкершілігі. Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы әрбір тұрғынның құқықтық тәртіпті қолдауына байланысты. Сондықтан заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.
Заңға құрмет пен тәртіпке жауапкершілік таныту арқылы ғана қауіпсіз, әділетті және дамыған қоғам құруға болады.