Перейти к содержимому
Главная страница » ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Қонаев қаласында «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» атты республикалық форум жұмысын бастады. Мақсаты – еліміздегі этносаралық келісімді нығайту, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер мен жастар арасындағы сындарлы диалогты дамыту және ҚХА-ның қоғамдағы рөлін арттыру.
Алматы облысы әкімдігінде өткен алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, мемлекеттік орган өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің директорлары, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және белсенді жастар қатысты.
Форум спикерлері – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ведомствоаралық үйлестіру басқармасының басшысы Б. Мастеков, «Алматы облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы А. Осман, «Қазақстан ұйғыр жастар одағы» РҚБ төрағасы Р. Кайрыев, Алматы облысы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы В. Плетнева.
Ауқымды шара аясында мәдени-танымдық орындарды аралау, қоғамдық келісімді нығайтудың үздік тәжірибелерін талқылау және жастарға арналған пікірталас алаңдары жоспарланған. Форум қорытындысы бойынша өңіраралық байланыстар бекіп, ел бірлігін дәріптейтін жаңа жобаларға серпін беріледі деп күтілуде.