Перейти к содержимому
Главная страница » Ата Заң – басты құндылық

Ата Заң – басты құндылық

1 шілдеден бастап еліміздің жаңа Ата Заңы ресми түрде күшіне енді. Конституция – жай ғана заңдар жиынтығы емес, әрқайсымызға тең мүмкіндік беретін, елдің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтатын басты құндылық. Ол – елдің ұстанымы, қоғамның құндылықтары мен әр азаматтың құқықтары қорғалатын басты құжаты. Оның өміршеңдігі – күнделікті өмірде көрініс табуында.
Кітапхана – білім мен руханияттың орталығы. Сондықтан біз оқырманның құқықтық мәдениетін арттыруға, саналы әрі білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосуды маңызды міндет деп білеміз. Себебі Конституцияның қадірін түсінетін қоғам ғана болашағына нық сеніммен қарай алады.
Президенттің Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бастамаларын қолдай отырып, әрбір азамат елдің дамуына өз еңбегімен үлес қосуы қажет деп санаймыз. Бірлігі бекем, заңға құрметі жоғары, білімді қоғам ғана мемлекетіміздің болашағын баянды ете алады. Осындай қағидаттар берік орныққанда ғана мемлекет те, азамат та алға басады
Констиуцияны құрметтеу жауапкершілік, әділдік пен өзара сыйластық сияқты құндылықтар қоғамның дамуына жол ашады. Сондықтан Ата Заңға құрмет – Отанымыздың болашағына деген құрмет. Елімізде тұрақтылық пен татулық нығайып, Қазақстан өсіп-өркендей берсін!

Ғалия ТОҚАБАЕВА,
Алматы облыстық орталық
әмбебап кітапханасының
директоры