Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа Конституция — болашаққа нық қадам

Жаңа Конституция — болашаққа нық қадам

Елімізде әділетті, ашық әрі халыққа жақын мемлекет құру жолында маңызды қадам жасалды. Бұл – конституциялық реформалар. Жаңа Ата Заңда айқындалған заң үстемдігі, адам құқықтарын қорғау және қоғамдық келісім қағидаттары әрбір азаматтың өмірінде нақты көрініс табуы тиіс. Қазір азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеріп, халықтың үніне құлақ асу мемлекеттік басқарудың басты талабының біріне айналды. Осыған орай жергілікті қоғамдық кеңестердің де рөлі арта түсті. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал етуде.
Қазақстанның күшіне енген жаңа Конституциясы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және азаматтардың ел тағдырын шешуге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге тың серпін береді деп сенемін. Өйткені конституциялық реформалар аясында енгізілген өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын бекемдеп, қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыруға, әділдік пен ашықтыққа негізделген жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы, әр адамның құқығы мен еркіндігі нақты тетіктер арқылы қорғалып, заңның әділдігі іс жүзінде сезілуі тиіс. Ал азаматтар Конституция талаптарын құрметтеуге міндетті. Себебі Әділетті Қазақстанды құру – әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз бен белсенділігімізге тікелей байланысты.

Бағдат ӘЛИЕВ,
Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы