Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Райымбек ауданына — 90 жыл: Балуандар бақ сынады

Райымбек ауданына — 90 жыл: Балуандар бақ сынады

123 қаралым

Шалкөде жайлауында өткен Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Тартысты бәсекеде түйе палуандар белдесіп, 100 келілік тас, бөрене көтеру, арба сүйреу, тағы басқа да тартысты сайыстар ұйымдастырылды. Қазақ күресі бойынша топ жарған қызылордалық Еламан Ерғалиев түйе балуан атанса, Алматы облысынан қатысқан Өріс Адибан 2-орын иеленді. Қостанайлық Қабылан Нұрсұлтанға 3-орын бұйырды.
Бұдан басқа да түрлі ұлттық спорттық жарыстар өтіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Райымбек ауданы

↑