Райымбек ауданында биылғы қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін өз мақсатында пайдаланылмай жатқан 7527 гектар ауыл шаруашылығы жерлері анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 1094 гектар жері егістік, 6433 гектары жайылымдық жерлер.
Еліміздегі пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша арнайы комиссия құрылған. Сол жұмыстардың нәтижесінде, Райымбек ауданында да игерілмеген бос жерлер анықталды. Атап айтар болсақ, Шалкөде ауылдық округінен 2023 га, Тегістік ауылдық округінен 1005,70 га, Қарасаз ауылдық округінен 754,4 га, Текес ауылдық округінен 471, 93 га, Нарынқол ауылдық округінен 2622,9 га, Сарыжаз ауылдық округінен 193 га, Жамбыл ауылдық округінен 35,90 га, Қақпақ ауылдық округінен 300 га, Қайнар ауылдық округінен 100 га жер мемлекет меншігіне өтті.
Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне қайтарылатын жерлер 10 мың гектарға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.
Дастан ҚАСЕНҰЛЫ
Райымбек ауданы