Перейти к содержимому
Главная страница » Әскери қызметшілермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Әскери қызметшілермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қонаев гарнизонында әскери қызметшілер арасында заңдылықты нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әскери тәртіпті сақтау мақсатында құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараны Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының өкілі подполковник Ташев Абзал Орынбаевич жүргізді. Кездесу барысында әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезінде заң талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік тәртіпті нығайту, әскери мүлікті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, әскери қызметтің жауапкершілігі, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кездесу барысында жеке құрам өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Осындай профилактикалық кездесулер әскери ортада құқықтық сауаттылықты арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға және заң талаптарын бұлжытпай орындауға ықпал етеді.


Альбина Қырғызбай