Перейти к содержимому
Главная страница » Цифрлық жүйе жол сапасын бақылауға көмектеседі

Цифрлық жүйе жол сапасын бақылауға көмектеседі

Биыл Алматы облысында бір жарым мыңнан аса шақырым жергілікті маңызы бар жол диагностикадан өтеді. Оның ең ауқымды бөлігі Еңбекшіқазақ ауданында. «Жол активтері ұлттық сапар орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының мамандары жолдың сапасын заманауи жабдықтар арқылы тексеріп барлық мәліметті Е-joldar цифрлық базасына енгізеді. Бұл деректер жолдарды күтіп ұстау, күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлауға негіз болады. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері бюджет қаражатын тиімді пайдалануға да мүмкіндік береді.

«Яғни жалпы базаға енгізіледі соған сәйкес осындай диагностика жұмыстарын қорытындылары беріледі. Осы қорытындылар негізінде тапсырыс беруші әкімдік болсын, диагностика жұмыстарының қорытындысына сәйкес келесі жылдың жөндеу жұмыстарын жоспарлайды» — деді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Қанат Хамитжанов.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Көлік министрлігінің «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын кешенді диагностикалау мен цифрландыру жұмыстарына кіріскен. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 447,5 шақырымы және кепілдік мерзіміндегі 30 шақырым автомобиль жолдары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.