Отбасы – адам өміріндегі ең қасиетті құндылықтардың бірі. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Зорлық-зомбылық адамның денсаулығына ғана емес, оның психологиялық жағдайына, балалардың тәрбиесіне және қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш қолданумен шектелмейді. Қорқыту, психологиялық қысым көрсету, экономикалық тәуелділікке мәжбүрлеу және адамның құқығын шектеу де зорлықтың түрлері болып саналады. Мұндай әрекеттерге ешқашан көз жұмуға болмайды.
Соңғы жылдары елімізде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданып, жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар дағдарыс орталықтары, сенім телефондары және әлеуметтік қызметтер зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуде.
Әрбір азамат зорлық-зомбылықтың куәсі болса немесе мұндай жағдайға тап болса, құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Уақытында көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қалуға және ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Берекелі отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі. Өзара сыйластық, түсіністік және жауапкершілік салтанат құрған жерде зорлық-зомбылыққа орын жоқ.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

