Перейти к содержимому
Главная страница » Құрылтай — ұлттық мұра мен руханиқұндылықтарды ұлықтайтын маңызды алаң

Құрылтай — ұлттық мұра мен руханиқұндылықтарды ұлықтайтын маңызды алаң

Қазақстан Республикасы Құрылтайы – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлісаланың өкілдері пікір алмасатын маңыздықоғамдық алаң. Бұл алаңда көтерілетін бастамаларелдің рухани, мәдени және әлеуметтік дамуынасерпін беріп, қоғам үшін маңызды мәселелердіңжан-жақты қарастырылуына мүмкіндік береді.

Мәдениет саласының өкілі ретінде ұлттықмұраны сақтау, тарихи сананы нығайту жәнерухани құндылықтарды дәріптеу мәселелеріәрдайым назарда болғаны маңызды деп есептеймін. Өйткені мәдениет — ұлттың тарихи жады мен рухани келбетін айқындайтын бастықұндылықтардың бірі. Жаһандану жағдайындаұлттық болмысымызды сақтап, мәдени мұраныкелер ұрпаққа жеткізу — ортақ міндет.

Құрылтай аясында мәдениет, білім жәнеруханиятқа қатысты ұсыныстардың талқылануықоғамдағы бірлік пен сабақтастықты нығайтуғаықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау және жас ұрпақтың туғанелдің тарихы мен мәдениетіне құрметін арттыру -болашаққа бастар маңызды бағыттардың бірі. Рухани бай қоғам ғана өзінің тарихи тамырынсақтап, тұрақты дамуға қол жеткізе алады.

Салтанат Жамбулова
Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдықмузей директоры