Шарын ауылының мәдениет қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау мақсатында тұрғындар арасында және әлеуметтік желі қолданушыларына бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған бастама қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заңға деген құрметті арттыруға бағытталды.
Іс-шара барысында заң мен тәртіптің маңызы, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және әр азаматтың жауапкершілігі туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жазбалар жарияланып, ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мәдениет қызметкерлері заңды құрметтеу – тұрақты қоғамның негізі екенін атап өтіп, тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақырды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамда тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етті.
Тәртіпке бағынған елдің болашағы әрдайым жарқын. Сондықтан заңды құрметтеп, ел тыныштығын бірге сақтайық деген ұран тастады ауыл тұрғындарына мәдениет қызметкерлері.
Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

