Жол қозғалысы қауіпсіздігі – қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. Күн сайын жолға шығатын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртіпті сақтауы адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі саналады. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамаудан, жылдамдықты шамадан тыс арттырудан және жүргізушілердің жауапсыз әрекеттерінен орын алады.
Жолдағы қауіпсіздік әр адамның өзінен басталады. Жүргізушілер белгіленген жылдамдықты сақтап, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданбауы, қауіпсіздік белдігін тағуы және мас күйінде көлік тізгініне отырмауы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер арнайы өткелдерді пайдаланып, бағдаршам талаптарына бағынуы қажет. Қарапайым ережелердің өзі көптеген қайғылы жағдайдың алдын алады.
Құқық қорғау органдары жол қозғалысына бақылауды күшейтіп, профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Дегенмен жол апаттарының санын азайту тек бақылау шараларымен шектелмейді. Ең бастысы – әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігі мен мәдениеті.
Жол – бәрімізге ортақ кеңістік. Сондықтан өз өмірімізге ғана емес, өзгенің де қауіпсіздігіне құрметпен қарау – азаматтық парыз. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жол ережесін қатаң сақтағанда ғана жол-көлік оқиғалары азайып, қоғамдағы қауіпсіздік деңгейі арта түседі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

