Қоғамдық қауіпсіздік – елдегі тұрақтылық пен тұрғындардың жайлы өмір сүруінің басты кепілі. Қауіпсіз орта қалыптастыруда құқық қорғау органдары мен қоғамның өзара ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Соңғы жылдары тұрғындармен кері байланыс орнатуға бағытталған жобалар мен қоғамдық қабылдаулардың саны артып келеді. Мұндай жұмыстар азаматтардың мәселесін жедел шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен орнатылуда. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық кездесулер тұрақты өткізіледі. Азаматтардың белсенділігі де қауіпсіз қоғам қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Күдікті жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау көптеген заңсыз әрекеттің жолын кесуге мүмкіндік береді. Қоғам мен полиция арасындағы сенімнің артуы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына оң әсер етеді. Қауіпсіздік – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірлескен әрекет арқылы ғана қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құруға болады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

