Азаматтардың жеке мүлкін қорғау қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Пәтер ұрлығы, қалта ұрлығы және алаяқтық фактілерінің алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Құқық қорғау органдары тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұдайы ескертеді. Үйден шығарда есік-терезені мұқият тексеру қарапайым, бірақ тиімді сақтық шараларының бірі. Сондай-ақ тұрғын үйлерге бейнебақылау және күзет жүйелерін орнату қауіпсіздікті күшейтеді.
Бейтаныс адамдарға жеке ақпарат пен үйге қатысты мәліметтерді жарияламаған жөн. Әлеуметтік желілерде ұзақ уақытқа сапарға кеткеніңізді хабарлау да қауіп тудыруы мүмкін. Күдікті адамдарды немесе әрекеттерді байқаған жағдайда бірден полицияға хабарлаған дұрыс. Көршілер арасындағы өзара бақылау да құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмау маңызды. Әр азаматтың сақтығы өз мүлкін қорғаудың басты кепілі болып табылады. Қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан қоғамда құқық бұзушылық деңгейі де төмендейді.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

