Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы интернет алаяқтықтың жаңа түрлерінің көбеюіне әсер етуде. Алаяқтар жалған хабарламалар, жалған сайттар мен телефон қоңыраулары арқылы азаматтарды алдауға тырысады. Сондықтан жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу аса маңызды. Банк картасының нөмірі, SMS-код және құпиясөз ешкімге хабарланбауы тиіс. Күмәнді сілтемелерге өтуден және белгісіз қосымшаларды жүктеуден бас тартқан жөн. Сонымен қатар жоғары табысқа кепілдік беретін қаржы пирамидаларына сенудің қаупі зор. Мұндай ұйымдар заңсыз әрекет етіп, азаматтардың қаржысын жоғалтуына себеп болады. Кез келген инвестициялық ұсынысты ресми ақпарат көздері арқылы мұқият тексеру қажет.
Күдікті жағдай туындаған жағдайда банкке және құқық қорғау органдарына дереу хабарласқан дұрыс. Интернеттегі қауіпсіздік – цифрлық сауаттылықтан басталады. Сақтық таныту қаржылық шығынның алдын алады. Әр азамат өз деректерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

