Перейти к содержимому
Главная страница » Есіркіден бас тарт та, жарқын болашаққа қадам бас!

Есіркіден бас тарт та, жарқын болашаққа қадам бас!

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам денсаулығын сақтаудың маңызды бағыты. Заңсыз есірткі айналымы жастардың өміріне, қоғамдық тәртіпке және ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, зиянды әдеттердің салдары кеңінен насихатталады. Спорт пен шығармашылыққа қызығушылық жастарды теріс әрекеттерден алшақтатуға көмектеседі. Ата-аналардың баламен ашық қарым-қатынасы да маңызды рөл атқарады. Құқық қорғау органдары заңсыз есірткі айналымының жолын кесу бойынша тұрақты рейдтер өткізеді. Есірткіні жарнамалау мен таратуға қатысты заң талаптары қатаң сақталады. Азаматтар күмәнді деректер туралы уақтылы хабарлаған жағдайда құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік туады. Салауатты өмір салты – есірткіге қарсы ең тиімді қорғаныс. Денсаулығы мықты ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан бұл мәселеде қоғамның белсенділігі ерекше маңызды.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ