Перейти к содержимому
Главная страница » Жол ережелерін сақта!

Жол ережелерін сақта!

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамға да кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік көптеген құқық бұзушылықтың, тұрмыстық жанжалдардың және жол-көлік оқиғаларының себептерінің біріне айналады. Сондықтан оның алдын алу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Салауатты өмір салтын насихаттау зиянды әдеттердің алдын алудың ең тиімді жолы. Спортпен шұғылдану, мәдени іс-шараларға қатысу және белсенді өмір салты адамның бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Отбасының қолдауы да тәуелділіктен арылуда ерекше рөл атқарады. Қажет болған жағдайда психологтар мен медицина мамандарының көмегіне жүгінген дұрыс. Жастар арасында түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі қажет. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың саналы таңдауы. Салауатты қоғамда құқық бұзушылық деңгейі төмендеп, өмір сапасы артады. Әр отбасының амандығы – елдің тұрақты дамуының негізі. Сондықтан зиянды әдеттерден бас тарту – жарқын болашаққа бастар сенімді қадам.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ