Перейти к содержимому
Главная страница » Мүлікті қорғау – әр азаматтың жауапкершілігі

Мүлікті қорғау – әр азаматтың жауапкершілігі

Азаматтардың жеке мүлкін қорғау – қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды бағыттарының бірі. Пәтер ұрлығы, қалта ұрлығы, автокөлікке қол сұғу сияқты қылмыстардың алдын алуда құқық қорғау органдарымен қатар тұрғындардың да сақтығы ерекше рөл атқарады.

Көп жағдайда қылмыскерлер иелерінің немқұрайлылығын пайдаланады. Үйден шығарда есік-терезенің жабық екеніне көз жеткізу, бейнебақылау немесе дабыл жүйесін орнату, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау – қарапайым болғанымен, тиімді сақтық шаралары. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде ұзақ уақытқа үйден кетіп бара жатқаны туралы ақпарат жариялау да қылмыскерлерге мүмкіндік беруі мүмкін.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, күмәнді адамдар мен жағдайларды байқаса, дереу хабарлауға шақырады. Өйткені мүлікті қорғау тек полицияның емес, әр азаматтың жауапкершілігі. Қырағылық пен заңға құрмет қана қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтып, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тоғжар ЖОЛДЫҒАЛИ