Перейти к содержимому
Главная страница » Алаяқтың арбауына түспе!

Алаяқтың арбауына түспе!

Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет алаяқтығы мен қаржылық пирамидалардың көбеюіне де жол ашты. Бүгінде алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың жеке және қаржылық мәліметтерін иемденуге әрекет етеді.

Мұндай қылмыстардың құрбанына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Банк картасының нөмірін, CVV кодын, SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз және оңай әрі тез табыс табуға уәде беретін ұсыныстарға сене бермеңіз.

Қаржылық пирамидалар да азаматтарды жоғары пайдамен қызықтырып, кейін олардың қаражатын заңсыз иемденеді. Сондықтан қандай да бір инвестициялық жобаға қаржы салмас бұрын оның заңды қызмет атқаратынына көз жеткізу маңызды.

Интернеттегі қауіпсіздік – әр пайдаланушының өз қолында. Қырағылық танытып, тек ресми ақпаратқа сену арқылы өз қаражатыңызды және жеке деректеріңізді қорғауға болады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ