Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткіге қарсы күресейік!

Есірткіге қарсы күресейік!

Есірткі – адамның өмірі мен денсаулығына ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе соңғы жылдары синтетикалық есірткінің таралуы мен оны интернет арқылы заңсыз өткізу деректерінің артуы алаңдаушылық туғызуда. Сондықтан есірткі қылмысына қарсы күрес құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндетіне айналып отыр.

Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, қылмыстың көбеюіне, отбасының ыдырауына және жастардың болашағына үлкен қауіп төндіреді. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау және бос уақытты тиімді ұйымдастыру маңызды.

Ата-аналар мен білім беру ұйымдарының жауапкершілігі де ерекше. Баланың ортасына көңіл бөліп, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, ашық әңгімелесу – көптеген қауіптің алдын алады.

Есірткіге қарсы күресте әрбір азаматтың қырағылығы маңызды. Заңсыз есірткі айналымына қатысты күмәнді жағдайларды дер кезінде хабарлау арқылы қоғамның қауіпсіздігіне үлес қосуға болады. Есірткісіз өмір – дені сау ұлт пен жарқын болашақтың кепілі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ