-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ауырып ем іздегенше… екпе салдыр

    04.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Мәдениет, Өңір тынысы
    Ауырып ем іздегенше… екпе салдыр

    Фото: Гүлзат Байқонысова

    0
    SHARES
    46
    VIEWS

    Елімізде тұмау мен жіті респираторлық инфекцияға қарсы екпе жүргізу маусымы басталды. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары аурудың алдын алу мақсатында тұрғындар үшін арнайы шара ұйымдастырып, оларға вирустың қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.

    Шараға облыстың бас санитарлық дәрігері Марат Исмаилов қатысты. Айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде 5000-ға жуық адам жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі халық көп шоғырланған үш аудан – Еңбекшіқазақ, Қарасай және Талғарда тіркелген. «Вирустың өршуі қаңтар және желтоқсан айларында болады. Осындай жағдай болмауы үшін тұрғындар қазан айынан бастап екпе алатын болса, 10-12 күнде инфекцияға қарсы иммунитет қалыптасады. Жылдан-жылға өзінің денсаулығына жауапты қарайтын азаматтар саны артып келеді. Кейінгі он жылда екпе алатындар саны 6 пайыздан 11 пайызға өсті», – деді Марат Исмаилов. Бас санитарлық дәрігер өзі де алғашқылардың бірі болып екпе қабылдады.

    Екпе салу барысында дәрігер міндетті түрде теріс әсер болмауы үшін тұрғындарға сақтану шаралары туралы кеңес береді және біраз уақыт мамандардың қадағалауында болады.
    Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры Айман Рақышева да вирустың талай жанның өліміне себеп болғанын және оның қауіпті екенін айтып, тұрғындарды екпе алуға шақырды.

    Мамандардың айтуынша, күніне 20-30 адамнан тұмау жұқпасы анықталады. Тұмаумен ауыру басқа респираторлық инфекцияларға қарағанда ауыр өтеді. Егер уақытылы қаралып ем алмаса, созылмалы аурулардың асқынуына алып келеді. Оның асқынуы адамды мүгедектікке немесе өлімге алып келуі мүмкін. Осыған орай, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының эпидемиолог дәрігері Ерлан Саржанов алдын алу шараларын айтып өтті. «Ең бірінші бетперде ережелерін сақтау керек. Адамдар көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс. Жеке бас гигиенасын сақтау және екпе алу инфекциядан қорғайды», – деді дәрігер.

    Еске сала кетейік, екпе салу жұмыстары қазан айының соңына дейін жүргізіледі. Екпені кішкентай балалар алты айынан бастап алуға болады. Ал ересектерге шектеу жоқ.

    Гүлзат Байқонысова

    Ұсынымдар

    Ақпарат алаңындағы Ақтоты

    Ақпарат алаңындағы Ақтоты

    11 months ago
    Шәкәрім мұрасы ұлықталған күн

    Шәкәрім мұрасы ұлықталған күн

    2 years ago
    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    Облыста құны 43 млрд теңге жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

    1 year ago
    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    Алматы облысында жүгері өнімділігі артты

    7 months ago
    Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

    Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>