Перейти к содержимому
Главная страница » Денсаулық — басты байлық

Денсаулық — басты байлық

     Адамның денсаулығы – оның ең қымбат байлығы. Оны сақтауға кедергі келтіретін зиянды әдеттердің бірі – алкогольді шамадан тыс тұтыну. Оның салдары адамның өзіне ғана емес, отбасы мен айналасына да әсер етуі мүмкін. Зиянды әдеттің алдын алуда адамның өмірлік ортасы маңызды рөл атқарады. Отбасындағы қолдау, достар арасындағы дұрыс қарым-қатынас және пайдалы орта адамды теріс әдеттерден аулақ ұстауға көмектеседі.

Әсіресе жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау қажет. Спорт, өнер, білім және қоғамдық жұмыстар адамның күш-қуатын пайдалы іске бағыттайды.

      Алкогольдің әсерінен адамның мінез-құлқы өзгеріп, жауапсыз шешімдер қабылдауы мүмкін. Сондықтан оның қоғамдық тәртіпке және отбасылық қарым-қатынасқа тигізетін ықпалын да ескеру керек. Салауатты өмір салтын таңдау – әр адамның өз қолында. Денсаулығын қадірлеген азамат өз болашағына ғана емес, жақындарының тыныштығына да жауапкершілікпен қарайды.

Құралбек СӘБИТОВ