Қылмыспен күрестің ең тиімді жолы – оның алдын алу. Әсіресе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамның жіті назарында болуы тиіс. Отбасындағы жанжал мен зорлықты «жеке мәселе» деп қабылдау қауіпті. Себебі оның салдары адамның өмірі мен денсаулығына ғана емес, балалардың психологиялық жағдайына да әсер етеді.
Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету, профилактикалық жұмыстарды күшейту және зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Әрбір азамат зорлыққа немқұрайлы қарамай, қажет болған жағдайда тиісті органдарға хабарлауы керек.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

