Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бір ғана мекеменің немесе құқық қорғау органының міндеті емес. Қауіпсіздік – әр азаматтың күнделікті әрекетінен басталады. Заңды сақтау, өзгенің құқығын құрметтеу, құқықбұзушылыққа бейжай қарамау, интернетте сақ болу, жол ережесін орындау және салауатты өмір салтын ұстану – қоғам тұрақтылығына қосылған нақты үлес.
Заң мен тәртіп үстемдік құрған ортада азамат өзін қауіпсіз сезінеді, ал қауіпсіздік бар жерде қоғамның дамуына мүмкіндік молаяды. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу ісінде мемлекет пен қоғамның өзара серіктестігі нығая түсуі қажет.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

