Перейти к содержимому
Главная страница » Маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді

Маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді

Жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың белсенді қоғамдық ұстанымын қалыптастыруға негіз болады.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа Негізгі заңның күшіне енуі мемлекетті одан әрі дамыту және азаматтық қоғамның рөлін күшейту тұрғысынан маңызды қадам.
«Менің ойымша, жаңа Конституция мемлекет пен қоғамды одан әрі дамыту үшін маңызды негіз қалыптастырады. Әсіресе конституциялық өзгерістердің өзегінде адамның, оның құқықтары мен қадір-қасиетінің, сондай-ақ ел өміріне қатысу мүмкіндігінің қалуы маңызды. Бұл азаматтардың белсенді қоғамдық ұстанымын қалыптастыруға жол ашады. Яғни халық өзін мемлекеттік қызметтерді жай ғана алушы ретінде емес, қоғамдық процестердің толыққанды қатысушысы ретінде қабылдай бастайды», – деді Еңбекшіқазақ аудандық маслихаттың депутаты Әбіт Айжан.
Оның сөзінше , жаңа Конституция қоғамдық диалог жүргізу және азаматтарды маңызды шешімдерді қабылдау процесіне тарту мүмкіндігін кеңейтеді.

Ерзат АСЫЛ